Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 833 қаулысы (2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен
қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға
қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы № 833 қаулысы

(2007.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 Қаулысымен  алып тасталды  (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Үкіметінің 2007.19.07 № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензия беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:

реттік нөмірі 26-жол, 3-баған мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын;

"пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";

көрсетілген қаулымен бекітілген санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергияқадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімінде:

"Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тізімі" деген І бөлім мынадай мазмұндағы 25-2-тармақпен толықтырылсын:

"25-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет";

"Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерінің тізімі" деген ІІ бөлім мынадай мазмұндағы 21-2-тармақпен толықтырылсын:

"21-2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық әдістермен қолдану жөніндегі қызмет".

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2005.22.06 № 613 Қаулысымен  біліктілік талаптары  алып тасталды  (ресми жарияланғаннан кейiн он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) (бұр. ред. қара)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции