Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 25 қарашадағы № 1233 қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 25 қарашадағы № 1233 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды

 

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) және «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларында:

1-тараудың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 50) тармақшамен толықтырылсын:

"50) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау жөніндегі қызмет 10".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку