«Ауруына байланысты жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі № 7 Нормативтік қаулысы (2023.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Ауруына байланысты жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі № 7 Нормативтік қаулысы
(2023.05.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2023.28.09. № 1 Нормативтік қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2023.28.09. № 1 Нормативтік қаулысымен бүкіл мәтін бойынша: «ауруға шалдыққан», «науқасқа шалдығуы», «ауруға шалдыққанының», «Ауруға шалдығуына», «ауруға шалдығуына» деген сөздер тиісінше «ауырған», «науқастануы», «ауруының бар-жоғының», «Ауруына», «ауруына» деген сөздермен ауыстырылды (2023 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Жоғарғы Сотының 2023.28.09. № 1 Нормативтік қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Соттардың сотталған адамның ауруына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы заңнаманы қолдану практикасын қорыту нәтижелерін талқылай отырып, дұрыс сот практикасын қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:
ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.28.09. № 1 Нормативтік қаулысымен (2023 ж. 5 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Соттарға адамның ауруына байланысты оны жазасын өтеуден босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 75-бабында көрсетілген жағдайларда:
жазасын өтеу кезінде өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған;
Демо – версия документа