«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнама бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2023 жылғы 28 қыркүйектегі № 1 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мына нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы» 2002 жылғы 11 сәуірдегі № 7 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1, 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 8 нормативтік қаулыларына енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауруына байланысты жазадан босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы»;
2) бүкіл мәтін бойынша:«ауруға шалдыққан», «науқасқа шалдығуы», «ауруға шалдыққанының», «Ауруға шалдығуына», «ауруға шалдығуына» деген сөздер тиісінше «ауырған», «науқастануы», «ауруының бар-жоғының», «Ауруына», «ауруына» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Соттардың сотталған адамның ауруына байланысты жазаны өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру немесе жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы заңнаманы қолдану практикасын қорыту нәтижелерін талқылай отырып, дұрыс сот практикасын қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:»;
4) 1-тармақта:
«адамды ауруға шалдығуына» деген сөздер «адамның ауруына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«одан әрі» деген сөздер алып тасталсын;
5) 3-тармақта:
бірінші абзацта:
«дәрігерлік комиссия» деген сөздер «арнаулы медициналық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы № 530 бұйрығымен» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № ҚР ДСМ-58 бұйрығымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
Демо – версия документа