Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АУРУҒА ШАЛДЫҒУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАЗАНЫ ОДАН ӘРІ ӨТЕУДЕ...

Ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 ж. 11 сәуірдегі № 7 Нормативтік қаулысы

(2018.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 28 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)

Соттардың сотталған адамды ауруға шалдығуына байланысты жазаны одан әрі өтеуден босату, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы заңды қолдану практикасының қорытындыларын талқылай келіп, оны дұрыс қалыптастыру мақсатында жалпы отырыс қаулы етеді:

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Соттарға адамды ауруға шалдығуына байланысты оны жазасын одан әрі өтеуден босату Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 75-бабында көрсетілген жағдайларда:

жазасын өтеу кезінде өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну не оған ие болу мүмкіндігінен айыратын психикасының бұзылуы пайда болған;

өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдардан басқа, адам жазаны өтеуге кедергі жасайтын өзге де ауыр науқасқа ұшыраған жағдайларда мүмкін екені түсіндірілсін.

ҚР Жоғарғы Сотының 2018.20.04. № 8 Нормативтік қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Психикасы бұзылған адам қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығына, жазаның түрі мен оның өтелу мерзіміне және адамның түзелуіне қарамастан жазаны өтеуден міндетті түрде босатылуға жатады.

Жазадан босатылған психикасы бұзылған адамға ҚК-нің 91-бабы бірінші бөлігінің 2) тармағына сай осы кодекстің 93-бабында көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалуы мүмкін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку