«Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығы (2013.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтінін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 319 Жарлығы
(2013.24.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2013.24.07. № 601 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
ҚР Президентінің 2013.24.07. № 601 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісі антының мәтіні;
2) Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
|
ҚР Президентінің 2013.24.07. № 601 Жарлығымен антының мәтіні жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 319 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің
анты
Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халқыма адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін.
А.Ә.Т. ________________________________________________________
_______________________________________________________________
(қолы, күні)
ҚР Президентінің 2013.24.07. № 601 Жарлығымен тәртібі жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
1999 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 319 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мемлекеттік әкімшілік қызметке тұңғыш рет кіре отырып, ант береді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа