«Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығы (2025.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
(2025.26.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Жарлыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Президентінің 2025 жылғы 12 ақпандағы № 779 Жарлығын қараңыз (2025 ж. 18 мамырда қолданысқа енгізіледі)
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 Қаулысын қараңыз
ҚР Президентінің 2022.31.12. № 77 Жарлығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2020.13.11. № 447 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Президентінің 2017.16.08. № 532 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі;
3) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2020.13.11. № 447 Жарлығымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Ротация жүргізу қағидалары мен мерзімдері, ротацияға жататын мемлекеттік қызметшілердің санаттары мен лауазымдары;
5) Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
6) «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидалары бекітілсін.
7) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2015 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 152
Демо – версия документа