«Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығы (2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидаларын бекіту туралы
(2025.06.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2023.02.01. № 78 Жарлығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Президентінің 2018.14.03. № 650 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2023.02.01. № 78 Жарлығымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.05.06. № 239 Жарлығымен (2023 ж. 19 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына және 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
ҚР Президентінің 2023.02.01. № 78 Жарлығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының және Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты судьяларының ант беру қағидалары бекітілсін.
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |
Астана, Ақорда, 2017 жылғы тамыздың 16-ы.
№ 532
Президентінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 532 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Демо – версия документа