Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтінін және Мемлекеттік
әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29
желтоқсандағы № 319 Жарлығы

Осы редакция 2013 жылғы 24 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған:

1) мемлекеттік әкімшілік қызметші антының мәтіні;

2) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің ант беру тәртібі бекітілсін.

2. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1999 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 319 Жарлығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік

әкімшілік қызметшісінің

АНТЫ

"Мен, Қазақстан Республикасының азаматы _______________________________ (Т.А.Ә), мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып:

- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, өзімнің барлық іс-қимылымда заңдылық, әділеттілік, әділдік пен адалдық, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерін басшылыққа алуға;

- Қазақстан халқына адал және біліктілікпен қызмет етуге, мемлекет мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізуге;

- Республика азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтарының шектелуіне жол бермеуге салтанатты түрде ант етемін.

Менің осы антымды бұзудың мемлекеттік қызметші абыройлы атағымен сыйыспайтынын ұғынамын".

     _________________        ____________________     Т.А.Ә.
           (күні)                    (қолы)
 
 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

1999 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 319 Жарлығымен

бекітілген

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку