(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 25.04.01 Ж. № 178-II ҚР ЗАҢЫ
Қазақстанның Даму Банкі туралы
2001 ж. 25 сәуірдегі № 178-II Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
4-тарау. Даму банкінің есебі, есептілігі және тәуелсіз аудиті | |
Түпнұсқада мазмұны жоқ
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен; 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі - Даму Банкі) акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты болып табылады.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңдары Даму Банкіне осы Заңда және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелмейтін бөлігінде қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа