(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 25.04.01 Ж. № 178-II ЗАҢЫ
Қазақстанның Даму Банкі туралы Қазақстан Республикасының
2001 ж. 25 сәуірдегі N 178-II
Заңы
(ҚР 16.05.03 ж. N 416-11 Заңымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР 11.06.03 ж. N 434-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР 16.05.03 ж. N 416-11 Заңымен 1-бап өзгертілді
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкi (бұдан әрі - Даму Банкі) мемлекеттің қатысуы 100 процент болатын жабық акционерлік қоғам болып табылады.
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары Даму Банкiне осы Заңда реттелмеген бөлiгінде қолданылады.
3. Даму Банкiнің инвестициялық басымдықтары, заем қаражатын тартуға сандық шектеулер, Даму Банкiнің кредит беруiнiң, бiрлесіп қаржыландыруының және кепілдіктер беруінің лимиттері, бағыттары, ықтимал шарттары, тәртiбі және мерзімдері Қазақстан Республикасының Yкіметі үш жылдық кезеңге бекітетін Даму Банкiнiң Кредит саясаты туралы меморандумда (бұдан әрі Меморандум) белгiленедi.
3-бап. Даму Банкінің мақсаттары мен мiндеттері
1. Даму Банкi қызметінiң мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеушi өндiрiстердi дамыту, ел экономикасына сыртқы және iшкi инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Демо – версия документа