(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 25.04.01 Ж. № 178-II ҚР ЗАҢЫ
Қазақстанның Даму Банкі туралы
2001 ж. 25 сәуірдегі № 178-II
Қазақстан Республикасының Заңы
(2006.07.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 6 баптар)
2-тарау. Даму банкінің қызметі (7 - 15 баптар)
3-тарау. Даму банкінің капиталы мен кірісі (16 - 18 баптар)
4-тарау. Даму банкінің есебі, есептілігі (19 - 21 баптар)
және тәуелсіз аудиті
5-тарау. Даму банкін басқару (22 - 25 баптар)
6-тарау. Қосымша ережелер (26 - 27 баптар)
ҚР 16.05.03 ж. № 416-11 Заңымен 1-бап өзгертілді; 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Қазақстанның Даму Банкі және оның мәртебесi
Қазақстанның Даму Банкі (бұдан әрі - Даму Банкі) акционерлік қоғам болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқару компаниясы болып табылады. Даму Банкі ұлттық даму институты болып табылады.
11.06.03 ж. № 434-11 (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 571-II (01.01.04 ж. бастап күшіне енеді) (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 108-III ( бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Даму Банкінің қызметін құқықтық реттеу
1. Қазақстанның Даму Банкi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар қызметін, банк қызметін және өзге де лицензияланатын қызмет түрлерін реттейтін заңдары Даму Банкіне осы Заңмен реттелмейтін бөлігінде қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа