(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКТЕРДЕ ТУРИСТІК ЖӘНЕ Р...
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 Қаулысы
(2019.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2021 жылғы 22 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.05.07. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 746 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2012.05.07. № 910 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 746 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. «Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен объектілерді құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерін, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтер үшін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 240 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 130-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 қаулысымен ереже өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.05.07. № 910 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.09.10. № 746 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 7 қарашадағы
№ 1063 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа