(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.07.11 № 1063 ҚАУЛЫСЫ
Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық
табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесі бекітілсін.
2. «Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен объектілерді құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерін, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтер үшін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы № 240 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 10, 130-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 7 қарашадағы
№ 1063 қаулысымен
бекітілген
Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер
учаскелерін жалға беру ережесi
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа