Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 910 Қаулысы

«Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 910 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 451-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілері үшін пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жасылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру және туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелерін құрылыс объектілерін салу үшін пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелмелі туризм мен рекреацияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағындағы жер учаскелерін жалға беру ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді салуға конкурстар өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы № 1181 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 46, 496-құжат);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку