Прайс-лист
Бухгалтерлерге арналған Әдеп стандарттары жөніндегі Халықаралық кеңес

Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Бухгалтерлерге арналған Әдеп стандарттары жөніндегі Халықаралық кеңес

Бухгалтерлерге арналған Әдеп стандарттары жөніндегі Халықаралық кеңес ®

®Халықаралық бухгалтерлер федерациясы®

529 Бесінші даңғыл

Нью-Йорк, Нью-Йорк 10017 АҚШ

 

Бұл жариялым Халықаралық бухгалтерлер федерациясымен жарияланды (IFAC®). Оның миссиясы қоғамның мүддесіне келесі жолдар арқылы қызмет етуді көздейді: жоғары сапалы халықаралық стандарттарды жасауға қолдау көрсету; осы стандарттарды қабылдауға және енгізуге әрекет жасау; кәсіби бухгалтерлердің әлеуетін арттыру; қоғамдық мүдделер бойынша мәселелерге пікірлер айту. Бұл жарияланымды жеке мақсатта пайдалану үшін жүктеп алуға немесе Бухгалтерлердің халықаралық әдеп этикасы бойынша Кеңестің веб-сайтынан сатып алуға болады: (IESBA®): www.ethicsboard.org.

 

Халықаралық Кәсіби Бухгалтерлер Әдеп КодексіTM (Халықаралық Тәуелсіз СтандарттардыTM қоса алғанда) алдын ала жобаларды, кеңес беру құжаттарын және IESBA жарияланымдарын IFAC жариялайды және оған тиесілі.

IESBA және IFAC жарияланған материалдарына негіздей отырып немқұрайлылық немесе өзге де жолдармен кез келген тұлғаның шеккен зиянына жауап бермейді.

Бухгалтерлердің Халықаралық Әдеп Стандарттары бойынша Кеңес, Халықаралық Кәсіби Бухгалтерлердің Әдеп КодексіTM (Халықаралық Тәуелсіз стандарттардыTM қоса алғанда) Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы, IESBA, IFAC, IESBA логотипі және IFAC логотипі IFAC тауар белгісі немесе АҚШ және өзге де елдердегі IFAC қызмет көрсететін белгі және тіркелген тауар белгісі болып табылады.

Авторлық құқық© 2020 жылы желтоқсан. Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясы (IFAC). Барлық құқықтар қорғалған. Бұл құжатты жеке коммерциялық емес мақсатта пайдалануды қоса алмағанда қайта жасау, сақтау немесе беру, я болмаса пайдалану БХФ жазбаша рұқсатымен талап етіледі. Байланыс permissions@ifac.org.

ISBN: 978-1-60815-483-8

 

Кәсіби бухгалтерлердің әдеп Кодексі бойынша осы Нұсқаулықты, Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы (IFAC) 2021 жылғы ақпанда ағылшын тілінде жариялаған бухгалтерлерге арналған халықаралық Әдеп стандарттары жөніндегі кеңестің (IESBA) 2020 жылғы басылымын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2022 жылғы қаңтарда қазақ тіліне аударып, IFAC рұқсатымен шығарып отыр. Бухгалтерлерге арналған халықаралық Әдеп стандарттары жөніндегі кеңестің басшылығын 2020 жылғы кәсіби бухгалтерлердің әдеп Кодексі бойынша аудару процесін IFAC қарады және аударма «саясат туралы мәлімдеме — IFAC шығарған стандарттарды аудару және қайта шығару саясаты» бойынша жасалды. Кәсіби бухгалтерлердің әдеп Кодексі бойынша бухгалтерлерге арналған халықаралық Әдеп стандарттары жөніндегі кеңес басшылығының бекітілген мәтіні, IFAC ағылшын тілінде жариялаған 2020 жылғы басылым.

Кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі анықтамалығы бойынша ағылшын тіліндегі мәтіні, 2020 жылғы басылым © 2021 Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы (IFAC). Барлық құқықтар қорғалған.

Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексі анықтамалығы бойынша қазақ тіліндегі мәтіні, 2020 жылғы басылым © 2022 Халықаралық бухгалтерлер Федерациясы (IFAC). Барлық құқықтар қорғалған.

Түпнұсқа атауы: Handbook of the Code of Ethics for Professional Accountants, 2020 Edition,

ISBN: 978-1-60815-455-5

Байланыс Permissions@ifac.org қайта шығаруға, сақтауға немесе беруге рұқсат алу үшін немесе осы құжатты басқа ұқсас пайдалану үшін.

 

Жарияланған:

 

КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕП КОДЕКСІ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ (ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРДТАРЫН ҚОСА АЛҒАНДА)

 

 

БАСЫЛЫМ 2020

 

Анықтама қалай құрылған

Бұл нұсқаулықтың мазмұны бойынша келесідей бөлімдерге бөлінген:

Бухгалтерлердің халықаралық әдеп стандарттары бойынша Кеңеспен танысу…………………………….………..…………………………..……….….

Халықаралық Бухгалтерлер Федерациясының рөлі………………………….…

Бұл нұсқаулықтың қолданылу аясы……………………………………………...

2018 жылғы басылыммен салыстырғанда мазмұны бойынша өзгерістер….….

Кодекс бойынша нұсқаулық……………………………………………………...

Мазмұны…………………………………………………………………....….......

Алғы сөз…………………………………………………………………....…

1-бөлік - Кодекстің сақталуы, негізгі қағидалар мен тұжырымдамалық негіздер………………………………...........................……......…...

2-бөлік - Бизнестегі кәсіби бухгалтер…………………………………....…

3-бөлік - Көпшілік алдында жұмыс істейтін кәсіби бухгалтер......………

Халықаралық Тәуелсіздік стандарттар (4A және 4B бөлімдері)

4A-бөлігі - Аудиттің және шолу облысындағы тәуелсіздіке тұжырымдамалық негізді қолдану...........................…....…………

4B-бөлігі - Аудит және шолу тексірісі бойынша тапсырмадан басқа сенімділік білдіру бойынша тапсырмалар үшін тәуелсіздік..................................................................................…...

Қысқартулар тізімін қоса алғандағы Глоссарий…………………....………

Күшіне ену күні……………………………………………….....……………

Кодекстегі өзгерістер……………………………………………….....……...

Авторлық құқық және аударма

IFAC IESBA анықтамаларын, стандарттарын және басқа жарияланымдарын шығарады және авторлық құқықтарға ие.

БХФ қаржылық есептілікті құрастырушылар мен пайдаланушылардың, аудиторлар мен басқа да кәсіби бухгалтерлердің, реттеуші органдардың, ұлттық стандарттарды әзірлеушілердің, БХФ-ға мүше органдардың, заңгерлердің, ғылыми топтардың, студенттердің және ағылшын тілінде сөйлемейтін елдердегі басқа да мүдделі топтардың ана тіліндегі стандарттарға қол жеткізуінің маңыздылығын мойындайды. Сондықтан БХФ өз жарияланымдарын көбейтуге немесе аударуға және таратуға шақырады және ықпал етеді.

БХФ-ның авторлық құқықпен қорғалған жарияланымдарды аударуға және қайта шығаруға қатысты саясаты Халықаралық бухгалтерлер федерациясы жариялаған стандарттарды аудару және қайта шығару саясатында және Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жарияланымдарын қайта шығару, аудару және қайта шығару саясатында баяндалған. Осы нұсқаулықты қайта шығарғысы келген немесе аударғысы келетін және қайта басып шығарғысы келетін мүдделі тараптар permissions@ifac.org байланысуы керек.

 

 

Бухгалтерлердің халықаралық әдеп стандарттары бойынша

Кеңеске кіріспе®

 

Бухгалтерлердің Халықаралық Әдеп Стандарттары бойынша Кеңес® (IESBA®) - Кәсіби Бухгалтерлердің Халықаралық Әдеп КодексінTM жасайтын және стандарттарды қалыптастыратын тәуелсіз ұйым. (Халықаралық тәуелсіздік Стандарттарын қоса алғандаTM) (Кодекс).

IESBA міндеті оның Мандатында жазылғандай кәсіби бухгалтерлер үшін жоғары сапалы әдеп стандарттарын қалыптастыра отырып, қоғамдық мүддеге қызмет ету. IESBA ұзақ мерзімді мақсаты - кәсіби бухгалтерлердің әдеп стандарттарының Кодексін аудиторлардың тәуелсіздік стандарттарын қоса алғанда, реттеуші органдар мен ұлттық стандарт жасаушылардың басылымдарымен жақындастыру болып табылады. Стандарттарды біртұтас жиынға конвергенциялау дүние жүзі бойынша кәсіби бухгалтерлердің ұсынатын қызметтерін келістіруге және сапасын арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаһандық капитал нарығының тиімділігін арттыруы мүмкін.

IESBA дүние жүзілік 18 басқарма мүшесінен тұрады, оның 9 практиктер және 3 кем емес жариялық мүше болып табылады (қоғамның мүддесіне ұсынылатын тұлғалар). Мүшелерді БХФ Тағайындау бойынша Комитеттің ұсынысы негізінде және IESBA қызметін бақылайтын Қоғамдық мүддені қадағалау бойынша Кеңестің (PIOB) мақұлдауымен БХФ Басқармасы тағайындалады.

IESBA стандарттарды қадыптастыру үрдісі PIOB және IESBA қатысуымен жүзеге асады. Кеңесші-Кеңес беруші топ (CAG) стандарттарды жасауға және IESBA жетекшілігіне қоғамдық үлесті қамтамасыз етеді.

Стандарттарды жасау кезінде IESBA ашық болуға және PIOB бекіткен тиісті рәсімдерді ұстануға тиісті. Директорлар Кеңесінің жиналысы оның ішінде телеконференция форматындағы кездесулер қоғам үшін ашық өтеді, күн тәртібіндегі құжаттар веб-сайтта қол жетімді болып табылады.

Мархаббат, www.ethicsboard.org сайтына қосымша ақпараттар үшін кіріңіздер.

БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

Бухгалтерлердің Халықаралық Федерациясы (IFAC) өзінің үлесін ұйымдарды, нарықтар мен экономиканы мықты және тұрақты дамуына үлес қоса отырып, қоғамдық мүддеге қызмет ету болып табылады. Ол ашықтықты, есеп беруді және қаржылық есептіліктің салыстырмалылығын қолдайды; бухгалтерлік кәсіптің дамуына көмек береді; жаһандық қаржылық құрылым үшін бухгалтердің маңыздылығы мен құндылығын хабардар етеді. IFAC 1977 жылы құрылды, қазіргі таңда 130 астам елдер мен юрисдикциялардан 175 астам мүшелері мен серіктестері бар, жариялы практиктер, білім беру, мемлекеттік қызметтер, өнеркәсіп және сауда аясында жұмыс жасайтын 3 миллионнан астам бухгалтерлерді қамтыған.

IFAC қоғамдық мүдделерді қорғау мандаты шегінде бірінші кезекте IESBA қолдау көрсету арқылы бухгалтерлер үшін жоғары сапалы халықаралық бухгалтерлердің әдеп стандарттарын жасауға, қабылдауға және енгізуге үлес қосады. БХФ адами ресурстар стандарттарын қалыптастыру, ғимараттарды басқару, коммуникациялық қолдау және қаржыландыру, сонымен қатар кеңес мүшелерін таңдау және тағайындау үрдісін жеңілдету бойынша тәуелсіз комитетке ұсыныс береді.

IESBA өзінің күн тәртібін белгілейді және өзінің жарияланымдарын белгіленген рәсімдерге сәйкес және БХФ-ның қатысуынсыз бекітеді. МФБ күн тәртібіне немесе жарияланымдарға әсер ете алмайды. IFAC нұсқаулықтар, стандарттар және басқа Жарияланымдар шығарады және авторлық құқыққа ие.

IESBA тәуелсіздігі бірнеше тәсілдермен кепілдендіріледі:

· қатаң тиісті рәсімдерді, соның ішінде қоғамдық кеңестерді қамтитын PIOB стандарттарын белгілеу үшін қоғамдық мүдделерді ресми, тәуелсіз қадағалау (www.ipiob.org қосымша ақпарат алу үшін қараңыз);

· кандидатураны ұсынуға ашық шақыру және ұсыну үрдісіне ресми тіуелсіз қадағалау жасау / PIOB тарапынан іріктеу;

· стандарттарды қалыптастырудың тиісті рәсімдері тұрғысынан да, күн тәртібіндегі материалдарға, кездесулерге және әрбір соңғы стандарт бойынша қорытынды үшін жарияланған негіздерге қоғамдық қол жетімділік тұрғысынан да толық ашық болуы;

· стандарттарды қалыптастыру үрдісінде Кеңес беруші топтарға және қадағалауға қатысу;

· IESBA мүшелері, сондай-ақ тағайындалған / жалға алынған ұйымдар тәуелсіздік, әділдік және директорлар кеңесінің қоғамдық мүддесін сақтау қағидаларын ұстануды талап ету.

БХФ www.ifac.org сайтына қосымша ақпараттар алу үшін кіріңіздер.

 

анықтамалықтың қолданылу аясы

 

2020 жылғы басылым

 

Бұл анықтамалықта IESBA шығарған (Халықаралық тәуелсіздік стандарттарын қоса алғанда) БХФ рөлі туралы анықтамалық ақпараттар және Кәсіби бухгалтерлердің халықаралық әдеп Кодексінің (әрі қарай кодекс) арнайы мәтіні тұтас жинақталған.

 

2018 жылғы басылыммен салыстыру бойынша өзгерістер

 

Бұл нұсқаулық 2018 жылғы Кәсіби бухгалтерлердің әдеп кодексінің анықтамалығын алмастырады.

Өзгерістер

2020 жылғы анықтамалықтың мазмұны мынандай:

· Сенім білдіру жөніндегі келісімдердің халықаралық стандартында (ISAE) пайдаланылатын терминдер мен тұжырымдамаларды көрсету үшін Кодекстің 4B бөлігіндегі өзгерістер 3000 (қайта қаралған). Кезеңдерді қамтитын келісімнің бағаланатын нысанасына қатысты сенім білдіру жөніндегі келісімдердің тәуелсіздігіне қатысты қайта қаралған 4B бөлігі 2021 жылғы 15 Маусымда немесе осы күннен кейін басталатын кезеңдер үшін күшіне енеді; олай болмаған жағдайда, ол 2021 жылғы 15 маусымнан бастап күшіне енеді, мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат етіледі. Кодекстің Глоссарийіне тиісті өзгерістер енгізілді. Өзгерістер IESBA веб-сайтында 2020 жылдың қаңтарында жарияланды. Өзгерістерге IESBA eCode көмегімен қол жеткізуге болады.

· Кәсіби бухгалтерлерден күтілетін рөл мен ойлауды арттыруға арналған өзгерістер. Сонымен қатар, өзгерістер адалдық, объективтілік және кәсіби мінез-құлық қағидаларының аспектілерін күшейтеді; барлық кәсіби бухгалтерлердің мінез-құлқына деген үміттерін арттыру, олардың кәсіби іс-әрекеттерін орындау кезінде олардан ақыл-ойды талап ету; бухгалтерлерге олардың пікірлері мен шешімдеріндегі жағымсыздықтың ықтимал әсерін түсіну қажеттілігін атап өту; және ұйымдастырушылық мәдениеттің әдеп мінез-құлық пен бизнесті алға жылжытуда атқаратын рөлін атап өту. Рөлі мен ойлау тәсілі кодекстің 100, 110, 120, 220-бөлімдері мен Глоссарий өзгертіліп, 2021 жылдың 31 желтоқсанынан бастап күшіне енді. Мерзімінен бұрын қабылдауға рұқсат етіледі. Өзгерістер IESBA веб-сайтында 2020 жылдың қазан айында жарияланды. Өзгерістерге IESBA eCode көмегімен қол жеткізуге болады.

2020 жылдың желтоқсаннан кейін шығарылған кодекстегі өзгерістер және алдын ала жобалар

Соңғы оқиғалар туралы ақпарат алу үшін, сондай-ақ 2020 жылдың желтоқсанынан кейін шығарылған соңғы есептіліктер немесе аяқталмаған жобалар үшін iesba веб-сайтына www.ethicsboard.org кіріңіз.

 

Кодекс бойынша нұсқаулық

(Бұл нұсқаулық кодексті пайдалану үшін беделді құрал емес.)

 

Кодекстің мақсаты

1. Кәсіби бкхгалтерлердің халықаралық әдеп Кодексі (Халықаралық тәуелсіздік стандарттарын қоса алғанда) қоғамдық мүдде алдында кәсіптің жауапкершілігін мойындауды сипаттай отырып, кәсіби бухгалтерлер әдебінің іргелі қағидаларын қалыптастырады. Бұл қағидалар кәсіби бухгалтерден күтілетін мінез-құлық стандарттарын қалыптастырады. Негізгі қағидалар мынандай: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, тиісті сақтық, құпиялылық және кәсіби мінез-құлық.

2. Кодекс кәсіби бухгалтер іргелі қағидаларды сақтау бойынша қауіптерді анықтау, бағалау және жою үшін қолдануға тиісті тұжырымдамалық негізді қамтамасыз етеді. Кодекс әр түрлі тақырыптар бойынша қолданбалы материалдар мен талаптарды қалыптастырады, осы тақырыптарға тұжырымдамалық негізді қолдану үшін бухгалтерлерге көмек береді.

3. Сенімділікті сипаттау бойынша аудитті, шолуларды және өзге де келісімдерді жүргізу үшін Кодекс осы келісімдерге қатысты тәуелсіздікке төнген қауіпке тұжырымдамалық негізді қолдану арқылы қалыптастырылған Халықаралық Тәуелсіздік стандарттарын қалыптастырады.

Кодекс қалай құрылымдастырылған

4. Кодекс келесі материалдардан тұрады:

· 1-бөлім - Кодесті сақтау, негізгі қағидалар және тұжырымдамалық негіздер барлық кәсіби бухгалтерлерге қолданылатын негізгі қағидалардан және тұжырымдамалық негіздерден тұрады.

· 2-бөлім - Бизнестегі кәсіби бухгалтерлер - бизнестегі кәсіби бухгалтерлер кәсіби қызметті орындау барысында қолданатын қосымша материалдар баяндалған. Бизнестегі кәсіби бухгалтерлерге жалданған, тартылған, орындаушы немесе орындаушы емес сипатта келісім бойынша жалданған кәсіби бухгалтерлер кіреді, мысалы:

 Саудадағы, өнеркәсіп немесе қызмет көрсету аясындағы.

 Мемлекеттік сектордағы.

 Білім берудегі.

 Коммерциялық емес сектордағы.

 Реттеуші немесе кәсіби органдардағы.

2-бөлім сонымен қатар, мердігер, қызметкер немесе меншік иесі болсын, фирмамен қарым-қатынасқа сәйкес кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде көпшілік алдында кәсіби бухгалтерлер болып табылатын адамдарға қолданылады.

· 3-бөлім - Көпшілік алдында жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлер, онда кәсіби қызмет көрсету кезінде көпшілік алдында жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлерге қолданылатын қосымша материалдар көрсетілген.

· Қосымша материалдар баяндалған Халықаралық тәуелсіздік стандарттары сенімділікті сипаттау бойынша қызмет көрсету кезінде көпшілік алдында жұмыс істейтін кәсіби бухгалтерлерге қолданылады, нақтырақ айтсақ:

 4A-бөлімі - Аудит және шолу тексеру бойынша тапсырмалардың тәуелсіздігі аудит немесе шолу тексеру кезінде тапсырмаларды орындау үшін қолданылады.

 4B-бөлімі - Аудит және шолу тексеру бойынша тапсырмалардан өзгеше сенімділікті сипаттау бойынша келісім үшін тәуелсіздік аудит немесе шолу тексерісі бойынша тапсырмаға жатпайтын сенімділікті сипаттау бойынша тапсырманы орындау кезінде қолданылады.

· Белгілі бір терминдер (қосымша түсіндірмелерімен белгілі бір жерде орынды) және терминдер жазылған Глоссарий Кодекстің белгілі бір бөлігінде нақты мәнге ие. Мысалы, 4А-бөліміндегі Глоссарийде көрсетілген «аудиторлық тапсырма» аудиторлық тапсырмаға да, шолу тапсырмасына да бірдей деңгейде қолданылады. Сонымен қатар Глоссарийге Кодекс сілтеме жасайтын өзге де стандарттарда және Кодексте қолданылатын қысқартулардың тізімі енгізілген.

5. Кодекс нақты тақырыпқа арналған тараулардан тұрады. Кейбір тараулар осы тақырыптардың нақты аспектісіне арналған ішкі тараулардан тұрады. Кодекстің әрбір тарауы келесідей орынды құрылымдастырылған:

· Кіріспе - тұжырымдамалық негіздердегі қолданбалы материалдар мен талаптарды таныстыру қарастырылып отырған тараудың пәнін баяндайды. Кіріспе материалдарға әрбір бөлімдер мен оның тарауларын түсінуге және пайдалануға маңызды қолданылатын терминдерді түсіндіруді қоса алғандағы ақпараттар енгізілген.

· Талаптар - қарастырылып отырған пәнге қатысты жалпы және нақты міндеттемелерді қалыптастырады.

· Қолдану бойынша материалдар - талапты орындауға көмектесетін, бейнелеулер мен өзгеде нұсқаулықтарды ескере отырып, іс-әрекеттер немесе мәселелер бойынша ұсыныстардан, түсіндірмелерден, мәндерден тұрады.

Кодекс қалай пайдаланылады

Негізгі қағидалар, тәуелсіздік және тұжырымдамалық негіздер

6. Кодекс кәсіби бухгалтерлерден негізгі әдеп қағидаларын сақтауды талап етеді. Сонымен қатар Кодекс іргелі қағидалардың сақталуын анықтау, бағалау және қауіпті жою үшін тұжырымдамалық негіздерді қолдануды да талап етеді. Тұжырымдамалық негіздерді қолдану кәсіби ойлауды, жаңа ақпараттарға, фактілер мен жағдайлардың өзгеруіне тұрақты түрде зейін салуды, сонымен қатар үшінші жақтың орынды және ақпараттандырылған тестіні қолдануын талап ететді.

7. Тұжырымдамалық негіз кәсіпте, заңдарда, ережелерде, фирмада немесе жұмыс беруші ұйымда белгіленген шарттардың, саясаттар мен рәсімдердің болуы қауіптерді анықтауға әсер етуі мүмкін екенін мойындайды. Бұл шарттар, саясат және рәсімдер кәсіби бухгалтердің қауіптің қолайлы деңгейде екенін бағалауда маңызды фактор болуы мүмкін. Қауіптер қолайлы деңгейден асып кетсе, тұжырымдамалық негіздер бухгалтерден осы қауіптерге жауап беруді талап етеді. Қауіпсіздік шараларын қолдану қауіптерді жоюдың бір әдісі болып табылады. Сақтық шаралары-бұл қауіп-қатерді қолайлы деңгейге дейін тиімді төмендететін бухгалтер жасаған жеке немесе біріктірілген әрекеттер.

8. Сонымен қатар, Кодекс кәсіби бухгалтерлерден аудит, шолу және сенімділікті қамтамасыз ететін басқа да тапсырмаларды орындау кезінде тәуелсіз болуды талап етеді. Тұжырымдамалық негіздер негізгі қағидаттарды сақтау қатерлері сияқты Тәуелсіздік қатерлерін анықтауға, бағалауға және жоюға да қолданылады.

9. Кодексті сақтау мынандай білімді, түсінуді және қолдануды талап етеді:

· Мән-жайларға байланысты 200, 300, 400 және 900-бөлімдерде жазылған қосымша материалдармен бірге 1-бөлімнің мәнмәтініндегі нақты бөлімнің барлық тиісті ережелері.

· Белгілі бір бөлімнің барлық тиісті ережелері, мысалы, «жалпы» және «аудит жүргізетін барлық клиенттер» тақырыпшаларында жазылған ережелерді қосымша нақты ережелермен, оның ішінде «аудит жүргізетін клиенттер. олар қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар болып табылмайды « немесе «қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар болып табылатын аудиторлық клиенттер».

· Нақты бөлімде баяндалған барлық тиісті ережелер кез келген тиісті бөлімшеде жазылған кез келген қосымша ережелермен бірге.

Талаптар және өтінім материалы

10. Талаптар мен қолданбалы материалдарды негіз қағидаларды сақтау, тұжырымдамалық негізді қолдану және аудитті, шолу тексеруін және сенімділік білдіру жөніндегі басқа да келісімдерді орындау кезінде Тәуелсіздікті сақтау мақсатында оқып, қолдану керек.

Талаптар

11. Талап «R» әрпімен белгіленеді, көп жағдайда «тиісті» сөзімен байланысты. «Тиісті» сөзі Кодексте кәсіби бухгалтерлерге немесе фирмаға нақты ережелерді сақтау қажет екендігін жүктейді.

12. Кейбір жағдайларда Кодекс талаптан нақты алып тастауды қарастырады. Мұндай жағдайда позиция «R» әрпімен белгіленеді, бірақ «мүмкін» немесе шартты сөздерді қолданады.

13. Кодексте «мүмкін» сөзі қолданылған кезде, ол белгілі бір жағдайларда белгілі бір әрекеттерді орындауға, оның ішінде талаптан ерекше жағдай ретінде рұқсат беруді білдіреді. Ол мүмкіндікті көрсету үшін пайдаланылмайды.

14. Кодексте «мүмкін» сөзі қолданылған кезде, ол мәселенің, оқиғаның немесе қабылданған әрекеттің пайда болу мүмкіндігін білдіреді. Бұл термин қауіп-қатермен бірге қолданылған кезде мүмкіндіктің немесе ықтималдылықтың нақты деңгейін сипаттамайды, өйткені қауіп-қатер деңгейін бағалау кез келген нақты мәселенің, оқиғаның немесе іс-қимыл бағытының фактілері мен жағдайларына байланысты болады.

Қолданбалы материалдар

15. Талаптардан басқа, Кодексте кодексті дұрыс түсіну үшін қажетті мәнмәтінді қамтамасыз ететін қолданбалы материалдар бар. Атап айтқанда, Қолданбалы материалдар кәсіби бухгалтерге белгілі бір жағдайларға тұжырымдамалық негізді қалай қолдану керектігін түсінуге, сондай-ақ белгілі бір талапты түсінуге және орындауға көмектеседі. Мұндай қолданбалы материалдың өзі ешқандай талап қоймаса да, материалды қарастыру кодекстің талаптарын, оның ішінде тұжырымдамалық негізді қолдану үшін қажет. Қолданбалы материал «А» әрпімен белгіленеді.

16. Егер өтінім материалдары мысалдар тізімін қамтыса, бұл тізімдер толық болып табылмайды.

Кодекс нұсқаулығына қосымша

17. Осы нұсқаулықтың қосымшасында Кодекске шолу ұсынылған

 

Кодекс нұсқаулығына қосымша

 

КОДЕКСҚА ШОЛУ

 

1 БӨЛІК

КОДЕКСТІҢ САҚТАЛУЫ, НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕР

 

(БАРЛЫҚ КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕР 100-199 СЕКЦИЯЛАР)

 

2-БӨЛІК

 

БИЗНЕСТЕГІ КӘСІБИ БУХГАЛТЕР

 

(200-299 СЕКЦИЯЛАР)

 

2 БӨЛІМ СОНДАЙ-АҚ ФИРМАЛАРМЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСТА КӘСІБИ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРУ БАРЫСЫНДА ЖАРИЯ ТҮРДЕ ТӘЖІРИБЕСІ БАР ЖЕКЕ КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕРГЕ ДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

 

3-БӨЛІК

КӨПШІЛІК АЛДЫНДАҒЫ КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕР

 

(300-399 СЕКЦИЯЛАР)

 

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘУЕСІЗДІК СТАНДАРТТАРЫ

 

(4A ЖӘНЕ 4B БӨЛІКТЕРІ)

 

4A-БӨЛІГІ. АУДИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ШОЛУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

 

(400-899 СЕКЦИЯЛАР)

 

4B-БӨЛІГІ. АУДИТ ЖӘНЕ ШОЛУ ТЕКСЕРУЛЕРІНЕН БАСҚА СЕНІМДІЛІК ҚАМТАМАССЫЗ ЕТЕТІН ТАПСЫРМАЛАР ҮШІН ТӘУЕЛСІЗДІК

 

(900-999 СЕКЦИЯЛАР)

 

 

 

 

ГЛОССАРИІ

(БАРЛЫҚ КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕР 100-199 СЕКЦИЯЛАР)

 

 

 

КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘДЕП КОДЕКСІНЕ АНЫҚТАМАЛЫҚ

(ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫН қоса алғанда)

МАЗМҰНЫ

 

Бет

АЛҒЫ СӨЗ……………………………….....………………………………...

13

1-БӨЛІК. КОДЕКСТІҢ САҚТАЛУЫ, НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР ЖӘНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕР……....…………….....

14

100 Кодекстің сақталуы.....................................................................................

15

110 Негізгі қағидалар……………………………………………….........……

17

111 - Адалдық ……………………………………………………....…..

18

112 - Объективтілік……………………………………………..............

18

113 - Кәсіби құзыреттілік және тиісті қамқорлық.................................

19

114 - Құпиялылық....................................................................................

19

115 - Кәсіби мінез-құлық..........................................................................

22

120 Тұжырымдамалық негіздер........................................................................

23

2-БӨЛІК. БИЗНЕСТЕГІ КӘСІБИ БУХГАЛТЕР......................................

31

200 Бизнестегі кәсіби бухгалтердің тұжырымдамалық негізді қолдануы............................................................................................................

32

210 Мүдделердің қайшылығы..........................................................................

38

220 Ақпараттарды дайындау және ұсыну.......................................................

41

230 Жеткілікті тәжірибесі бар әрекет..............................................................

46

240 Қаржылық есептілікке және шешімдер қабылдауға байланысты қаржылық мүдделер, өтемақылар және ынталандырулар.............................

48

250 Сыйлықтар мен қонақжайлылықты қоса алғандағы көтермелеулер.....

50

260 Заңнама мен нормалардың сақталмауына ден қою.................................

57

270 Негізгі қағидаларды бұзу үшін мәжбүрлеу..............................................

68

3-БӨЛІК. КӨПШІЛІК АЛДЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН КӘСІБИ БУХГАЛТЕРЛЕР.............................................................................................

72

300 Тұжырымдамаларды негізді қолдану - көпшілік алдындағы кәсіби бухгалтерлер................................................................................................

73

310 Мүдделер қақтығысы.................................................................................

81

320 Кәсіби кездесулер.......................................................................................

88

321 Екінші пікірлер...........................................................................................

92

330 Алымдар және сыйақының басқа да түрлері...........................................

94

340 Қонақ жайлық белгілері және сыйлықтарды қоса алғанда, көтермелеулер..............................................................................................

98

350 Клиенттің активтерін сақтау......................................................................

104

Укажите название закладки

Создать новую папку