(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛ...
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 Қаулысы
(2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 24 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Қаулығы өзгерістер енгізу туралы:
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 Қаулысын қараңыз («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2019.20.03. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.26.04. № 228 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.28.10. № 717 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.28.04. № 280 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді
Редакция документа
Демо – версия документа