«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 717 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 717 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөліммен толықтырылсын:
«Ереженің 16-тармағы екінші бөлігінің 75-3) және 75-4) тармақшалары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
бірінші бөлікте:
75) тармақша алып тасталсын;
134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«134) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын спорт саласындағы, мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысу;»;
136) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«136) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және туризм саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді және орналастыруды бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 211-2) тармақшамен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа