«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 714 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасын және Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 643 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 530-құжат).
2. «Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 554-құжат).
3. «Теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 556-құжат).
Демо – версия документа