«Темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы (күші жойылды)
Темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 683 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 21 маусымдағы
№ 683 қаулысымен
бекітілген
Темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы, «Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы және «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді, Темір жол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау тәртібін айқындайды, олар мыналарды қамтиды:
1) жолаушылар поездарының пошта вагондарында пошта жөнелтілімдерін тасымалдау;
2) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау үшін есептесу;
3) поштаны тасымалдауға арналған құжаттарды ресімдеу.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тасымалдау маршруты - белгіленген бастапқы және соңғы пункттерінің арасындағы пошта жөнелтілімдерінің тасымалын жүзеге асыратын тасымалдауды ұйымдастыру үдерісінде анықталған темір жол көлік құралдарының жүру жолы;
2) пошта операторы - пошта қызметі саласында қызмет ұсынуға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;
3) пошта жөнелтілімдерін тасымалдау - жолаушылар поезының құрамында жөнелту пунктінен межелі пунктіне дейін пошта жөнелтілімдерін тасымалдау;
Документ утратил силу
Демо – версия документа