«Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 Қаулысы (күші жойылды)
Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусымдағы № 682 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 714 Қаулысымен күші жойылды
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2011 жылғы 21 маусымдағы
№ 682 қаулысымен
бекітілген
Темір жол көлігімен жүк тасымалдау
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасында темір жол көлігімен жүк тасымалдауды ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Қазақстан Республикасы арқылы халықаралық және транзиттік қатынаста темір жол көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидада көзделмеген жүктерді тиеу және бекітудің техникалық нормалары, сұйық жүктерді құйма түрінде, қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібі мен шарттары Темір жол ынтымақтастығы ұйымының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына (ТМД) қатысушы елдер мен Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің шеңберінде қабылданған халықаралық келісімдерде (шарттарда) және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық келісімдерде (шарттарда) белгіленеді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа