Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЖОБАСЫН ӘЗІРЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕ...

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 Қаулысы

(2022.08.04. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2017 жылғы 24 тамыздағы

№ 502 қаулысымен

бекiтiлген

 

 

Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2022.08.04. № 201 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.

ҚР Үкіметінің 2021.31.03. № 192 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.08.04. № 201 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi қамтиды:

1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауы;

2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау;

3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку