«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 192 Қаулысы
«Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 192 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 36-37-38, 250-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауы;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау;
3) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы;
4) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеу.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау»;
5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Демо – версия документа