«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 201 Қаулысы (2023.19.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 201 Қаулысы
(2023.19.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) ҚР Үкіметінің 2023.05.08. № 646 Қаулысымен күші жойылды (2023 ж. 19 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) «Республикалық бюджет жобасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 502 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды.»;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын немесе мемлекеттік органдардың даму жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, орталық мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауы;»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Демо – версия документа