(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ КЕЙБІР ШЕШІМДЕРІН...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 201 Қаулысы
Осы редакция 2023 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 қаулысында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды әзірлеу тәртібін айқындайды.»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Заттай нормаларды әзірлеу тәртібі»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган заттай нормаларды алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормалар бойынша ескертулері болған кезде орталық мемлекеттік органдар оларды пысықтайды және оған қайта келісуге енгізеді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның заттай нормаларды қайта келісу мерзімі жеті жұмыс күнінен аспауға тиіс және олардың осы мемлекеттік органға түскен күнінен бастап есептеледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Бекітілген заттай нормаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қолданыстағы заттай нормаларға ағымдағы қаржы жылы ішінде бір реттен асырмай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді.»;
Редакция документа
Демо – версия документа