Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 Қаулысы (2022.08.04. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 Қаулысы

(2022.08.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 5 тамыздағы № 646 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 2022.08.04. № 201 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары бекітілсін.

2. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды әзірлеуді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2016 жылға дейін қолданыстағы барлық заттай нормаларға тексеру жүргізсін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қосымша заттай нормаларды әзірлеу қажеттігі туралы ақпарат берсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 18 наурыздағы

№ 146 қаулысымен

бекітілген

 

 

Заттай нормаларды әзірлеу

қағидалары

 

ҚР Үкіметінің 2022.08.04. № 201 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР Үкіметінің 2022.08.04. № 201 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды әзірлеу тәртібін айқындайды.

2. Заттай нормалар қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштерін білдіреді.

 

 

ҚР Үкіметінің 2022.08.04. № 201 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2-тарау. Заттай нормаларды әзірлеу тәртібі

 

3. Заттай нормаларды орталық мемлекеттік органдар әзірлейді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции