(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЗАТТАЙ НОРМАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ...
Заттай нормаларды әзірлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 146 Қаулысы
Осы редакция 2022 жылғы 8 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 12) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 84-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Заттай нормаларды әзірлеу қағидалары бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар заттай нормаларды әзірлеуді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның келісімі бойынша бекітуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2016 жылға дейін қолданыстағы барлық заттай нормаларға тексеру жүргізсін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қосымша заттай нормаларды әзірлеу қажеттігі туралы ақпарат берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 18 наурыздағы
№ 146 қаулысымен
бекітілген
Заттай нормаларды әзірлеу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа