«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 25 маусымдағы № 632 бұйрығы (күші жойылды)
«Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2020 жылғы 25 маусымдағы № 632 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 117-бабына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 15594 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 8 қыркүйекте жарияланған мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларында:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Баланстан тыс шоттарда мемлекеттік мекемелерге тиесілі емес, бірақ уақытша оның пайдалануындағы немесе билігіндегі құндылықтар, сондай-ақ қатаң есептегі бланктері, жауапты сақтауға қабылданған немесе орталықтандырылған жабдықтау бойынша төленген қорлар, Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмi деректерімен расталған «Мемлекеттік мүлік туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік мүлік туралы заң) 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңының 21-бабында көзделген жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне айналдырылған (түскен) мүлік, баланстан тыс шоттарда ескерілген демалыс үйлеріне жолдамалар мен басқа да активтер көрініс табады.
610, 620, 630, 640, 650, 660, 670, 680, 690, 700 - жолдары бойынша жолдардың нөмірлеріне сәйкес материалдық құндылықтар, жалға алынған активтер мен басқа де баланстан тыс активтер есепке алынған баланстан тыс активтер санамаланған.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа