«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 186 бұйрығы (күші жойылды)
«Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 наурыздағы № 186 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен күшi жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толыктырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептiлiктi жасау қағидаларын бекіту туралы қағидаларында:
22-тармақта:
екінші бөлігі үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлердің және өзге де есеп беретін тұлғалардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» баптары (жол коды 017);»;
үшінші бөлігінде:
үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлер мен басқа да есеп беретін тұлғалар алдындағы қысқа мерзімді кредиторлық берешек» баптары (жол коды 218);»;
он тоғызыншы абзац алынып тасталсын:
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«24. ШҚЕ-2 «Қаржылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп» нысанының баптарын шоғырландыру кірістер мен шығыстардың ұқсас баптарын жолма-жол қосу арқылы жүзеге асырылады:
«Айырбас емес операциялардан алынатын кiрiстер» баптары (жол коды 010);
Документ утратил силу
Демо – версия документа