Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 04.12.03 Ж. № 1243 ЖАРЛЫҒЫ

Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2003 ж. 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығы

(2013.21.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 28 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 20-бабына сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік қызметтiң кадр резервi туралы ереже бекітілсiн.

ҚР Президентінің 2006.05.01. № 1695 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. ҚР Президентінің 2013.22.03. № 525 Жарлығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. «Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған кадрлар резервi туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 330 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 61-құжат; 2001 ж., № 18, 222-құжат; 2003 ж., № 15, 149-құжат).

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

ҚР Президентінің 2006.05.01. 1695 Жарлығымен (бұр.ред.қара); 2007.27.11. № 446 Жарлығымен (бұр.ред.қара) ереже өзгертілді; ҚР Президентінің 2013.22.03. № 525 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2003 жылғы 4 желтоқсандағы

№ 1243 Жарлығымен

БЕКIТIЛГЕН

 

 

Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы

ереже

 

Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы осы ереже мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiн қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейдi.

 

 

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві

 

1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резерві (бұдан әрі - «А» корпусының кадр резерві) - «А» корпусының бос мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткер Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қалыптастырылған жүйеленген тізімі.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку