«Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1695 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентініңи ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1243 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат, 2004 ж., № 21, 265-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметтің кадр әлеуетін пайдаланудың тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқару кадрларын іріктеу кезінде демократия қағидаттарын бекіту, Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік саяси қызмет резервінің мәселелері жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында қосымшаға сәйкес құрамда Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервіне кандидаттарды іріктеу және олармен жұмыс жөніндегі комиссия құрылсын.»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа