Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 330 Жарлығы (ҚР Президентінің 11.05.01 ж. № 605; 11.05.01 ж. № 1071 жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен) (күші жойылды)
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған
кадрлар резерві туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 330 Жарлығы
(ҚР Президентінің 11.05.01 ж. № 605; 11.05.01 ж. № 1071
жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Президентінің 2003 ж. 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына сәйкес осы жарлықтың күші жойылды
(Бұрынғы ред. қара)
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ереже бекітілсін.
2. "Мемлекеттік қызметтің кадр резервін жасақтау және олармен жұмысты ұйымдастырудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 12 шілдедегі № 3056 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 31, 280-құжат) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Президентінің
2000 жылғы 4 ақпандағы
№ 330 Жарлығымен
бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына
орналасуға арналған кадрлар резерві туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік қызмет үшін тұрақты кадрлар резервін жасақтау мен қолдау мақсатында "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Ереже мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік лауазымдарына қолданылады.
2. Кадр резерві - осы Ережемен анықталған тәртіппен жасақталған жүйелі тізімге деректері енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - азаматтар).
ҚР Президентінің 11.05.01 ж. № 605 жарлығымен 3-тармақ өзгертілді
Документ утратил силу
Демо – версия документа