Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1997 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 126-I ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына
байланысты берiлетiн мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-I Заңы

(2013.21.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1 тарау. Жалпы ережелер

(1 - 7-баптар)

2 тарау. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы

(8 - 12-баптар)

3 тарау. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы

(13 - 16-баптар)

4 тарау. Жасына байланысты жәрдемақылар

(17 - 18-баптар)

5 тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(19 - 22-баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен; 2005.15.12. № 101-III ҚР Заңымен (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді) (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.

4. Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.04.07 № 148-III ҚР Заңымен 1-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку