Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1997 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 126-I ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік
әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-I Заңы

(2004.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция  2005 ж. 15 желтоқсандағы  енгізілген өзгерістеріне   дейін  қолданылды

 

1 тарау. Жалпы ережелер

ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен 1-бап өзгертілді

1-бап. Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтiк

жәрдемақылар алуға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

3. Бір мезгiлде әртүрлi мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.

4. Мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар (бұдан әрi - жәрдемақылар) мемлекеттік әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне кiредi және мүгедектiгiне, асыраушысынан айрылуына және жасына байланысты оларды алуға мұқтаж азаматтарға ақша қаражатын мемлекеттің мезгiл-мезгiл төлеп тұруы болып табылады.

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар

1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі орталық атқарушы орган.

2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлға.

3. Жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкiлеттi орган - Орталықтың аумақтық бөлiмшелерi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку