Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1997 Ж. 16 МАУСЫМДАҒЫ № 126-I ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан
айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттік
әлеуметтiк жәрдемақылар туралы Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 16 маусымдағы № 126-I Заңы

(2005.15.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2006 ж. 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1 тарау. Жалпы ережелер

ҚР 16.11.99 ж. № 482-1 Заңымен;  2005.15.12. № 101-III  ҚР  Заңымен  (2006 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енді)   (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді

1-бап. Азаматтардың мемлекеттік әлеуметтiк

жәрдемақылар алуға құқығы

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де нормативтiк құқықтық актілерінде көзделген негiздерде және тәртiппен мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

3. Бiр мезгiлде әртүрлi мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақылар алуға құқығы бар адамдарға олардың тыңдауы бойынша бiр жәрдемақы тағайындалады.

4. Мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар (бұдан әрі - жәрдемақылар) - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын, азаматтарға мүгедектік туындаған, асыраушысынан айырылған кезде және жасына байланысты берілетін ай сайынғы ақшалай төлемдер.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-1-баппен толықтырлыды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

1-1-бап. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы органдар

1. Уәкiлеттi мемлекеттік орган - халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі орталық атқарушы орган.

2. Уәкiлеттi ұйым (бұдан әрi - Орталық) - осы Заңның шарттары бойынша функцияларды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген заңды тұлға.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку