Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1997.04.06. № 926 ҚАУЛЫСЫ

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 Қаулысы

(2012.11.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 30 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Жедел басқару құқығындағы «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 1999.24.07. № 1059 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1298 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2009.28.01. № 72 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.11.12. № 1577 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) әлеуметтік жеке кодтар беру;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;

4) салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку