«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1577 Қаулысы
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 1577 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақылар, жәрдемақылар төлемдерін, біржолғы және өзге де төлемдерді ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) әлеуметтік жеке кодтар беру;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын және міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бірыңғай тізімін қалыптастыру;
4) салымшының зейнетақы төлемдерін алу құқығына болжамды инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізген міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерін келесі қаржы жылына айқындау;
5) міндетті зейнетақы жарналарын дербестендірілген есепке алу;
6) міндетті зейнетақы жарналарын және (немесе) өсімпұлды агенттерден жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару, зейнетақы жарналарының артық (қате) төленген сомаларын және (немесе) олар бойынша өсімпұлды агенттерге қайтару;
7) міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған және (немесе) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлігі жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген тұлғалардың міндетті зейнетақы жарналарын агентке қайтару;
Демо – версия документа