Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 шілде № 1059

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 шілде № 1059

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы және "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 24, 217-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

3-тармақта:

үшінші абзац "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын;

төртінші абзац "мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, сондай-ақ жерлеуге арналған жәрдемақылар" деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 

Укажите название закладки

Создать новую папку