(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1997.04.06. № 926 ҚАУЛЫСЫ
«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» республикалық
мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 926 қаулысы
(2005.28.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 28 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Зейнетақы жарналарына есеп жүргiзудi қамтамасыз ету, тиiстi орталықтандырылған деректер базасы мен зейнетақы төлеудiң тиiмдi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн қалыптастыру және оған қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Жедел басқару құқығындағы "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
ҚР Үкіметінің 2005.21.04. № 376 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару уәкiлеттi органы болып белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 1999.24.07. № 1059 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2005.28.12. № 1298 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Кәсіпорынның негізгі міндеттері:
зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, зейнетақылардың, жәрдемақылар мен өзге де төлемдердің орталықтандырылған, дербестендірілген есебін жүргізу;
зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар мен өзге де төлемдерді алушылардың орталықтандырылған дерекқорын қалыптастыру;
Редакция документа
Демо – версия документа