(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 05.12.00 Ж. № 1809 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 5 желтоқсандағы № 1809 Қаулысы
(2011.02.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 16 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. № 849 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр.ред. қара)
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. № 849 қаулысымен 1- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары;
2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бірлесiп бір ай мерзiмде мемлекеттік меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттік меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бір ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекітудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2004.29.12. № 1414 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа