(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарын жіктеу ережесін және тізбесін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 27.12.02 ж. N 1389 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. N 849 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған:
1) Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын жiктеу ережесi;
2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi қабылдауды аяқтағаннан кейiн бiр ай мерзiмде жергiлiктi маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбелерiн бекiтудi және олардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
4. "Жол саласының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
Демо – версия документа