Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 05.12.00 Ж. № 1809 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен

шарттарын және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль

жолдарының тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 27.12.02 ж. N 1389;22.08.03 ж. N 849;

14.05.04 ж. N 541 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 6 қыркүйектегі N 935 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

(Бұр. ред. қара)

ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. N 849 қаулысымен тақырыбы және кіріспе өзгертілді (бұр.ред. қара)

"Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 22.08.03 ж. N 849 қаулысымен 1- тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)

1. Қоса берiлiп отырған:

1) Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жiктеу ережесi мен шарттары;

2) Қазақстан Республикасының республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде мемлекеттiк меншiктегі және республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiне кiрмеген, соның iшiнде қалаларға кiреберiс жолдарды және қалалардың шекараларынан өтетiн жолдарды, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылатын олардағы құрылыстарды коммуналдық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн.

3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:

1) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген объектiлердi коммуналдық меншiкке қабылдауды және олардың пайдаланылып ұсталуын қамтамасыз етсiн;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку