(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.10 № 1669 ҚАУЛЫСЫ
«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 Қаулысы
(2012.17.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.11.03. № 253 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.17.02. № 231 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.21.10. № 1092 Қаулысымен стандарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.11.03. № 253 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.17.02. № 231 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1669 қаулысымен
бекітілген
«Мекенжай анықтамаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа