(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.26.10 № 1669 ҚАУЛЫСЫ
«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 21 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1669 қаулысымен
бекітілген
«Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру»
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Тұрғылықты жерінен мекен-жай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мекен-жай анықтамаларын беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны ішінара автоматтандырылған. Қызмет автоматтандырылған ақпараттық жүйені (бұдан әрі - ААЖ) де, әліпби-анықтамалық картотеканы да пайдалана отырып көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулыларының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1995 жылғы 10 шілдедегі № 169 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарының мекен-жай-анықтама жұмысы жөніндегі нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа