«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 231 Қаулысы (2013.18.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 231 Қаулысы
(2013.18.09. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 132 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қазандағы № 1669 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-Ы, 2009 ж., № 45, 429-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2013.18.09. № 983 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 17 ақпандағы
№ 231 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 1669 қаулысымен
бекітілген
«Мекенжай анықтамаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Документ утратил силу
Демо – версия документа