«Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 Қаулысы (2018.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 Қаулысы
(2018.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 756 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2014.29.11. № 1263 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2014.29.11. № 1263 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 431 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.06.03. № 107 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.26.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 1140 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2015.24.04. № 288 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
«Нұр Отан» партиясының хатшысы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша)
Документ утратил силу
Демо – версия документа