«Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 Қаулысы
Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 Қаулысы
«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты мемлекеттік орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 11 шілдедегі
№ 929 қаулысымен
мақұлданған
Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың
2012 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы
1. Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесі саласын дамыту пайымы
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары бизнес-климатты жақсартуға және артық әкімшілік кедергілерді жоюға, оның ішінде лицензиялау және рұқсаттармен байланысты ауыртпалықты төмендету бойынша бағытталған кәсіпкерлікті реттеу және рұқсат беру жүйесі саласында бірқатар реформалар қабылданды.
Алайда, бұған қарамастан, әкімшілік ауыртпалық елде кәсіпкерлікті дамыту үшін бұрынғыдай тежеуші фактор болып қалып отыр.
Бұл айқын қағидаттар мен өлшемдердің негізіндегі іргелі және жүйелі реформаның қажеттілігін көрсетіп отыр.
Демо – версия документа