«Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 431 Қаулысы (күші жойылды)
«Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 431 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы № 756 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі болып табылады.»;
көрсетілген Ережеге қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - ӨДМ) рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларын түгендеу бойынша сараптамалық топ (бұдан әрі - СТ) құрамын қалыптастырады және ВАК-қа келісуге ұсынады.»;
10, 11, 12, 13 және 20-тармақтардағы «ЭДСМ» деген аббревиатура «ӨДМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа