(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.05.04 № 248 ҚАУЛЫСЫ
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 Қаулысы
(2011.23.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 19 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.
2. «Республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 40-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 5 сәуірдегi
№ 248 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 Қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен барлық мәтін бойынша «топтық» деген сөзден кейін «және оқшау» деген сөздермен толықтырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.30.03. № 426 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су
беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
Редакция документа
Демо – версия документа