(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.05.04 № 248 ҚАУЛЫСЫ
«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың
ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын
субсидиялау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 Қаулысы
(2008.20.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.
2. «Республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 40-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 5 сәуірдегi
№ 248 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 Қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын
сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су
беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа